Зектілері

Rixos Tersane Istanbul: Түркияда қазақстандық туристерді таңғалдыратын жаңа қонақүй таныстырылды

Жарияланған күні:

қонақүй
Фото: Rixos Tersane Istanbul

Стамбұл – қазақстандық туристердің сүйікті бағыты, қала бір көргеннен кез келген туристің жүрегін жаулап алады. Мұнда тарих, мәдениет пен шығыс қонақжайлығы астасып жатыр. Жақында қазақстандықтар үшін бұл қалаға қайта баруға тағы бір маңызды себеп табылды: Стамбұлдың тарихи ауданында, Алтын Мүйіз шығанағының жағасында жаңа, сәнді Rixos Tersane Istanbul қонақүйі бой көтерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қонақүй тарихи Бейоғлы ауданының орталығында орналасқан. Оның басты ерекшелігі – бөлмелерінен ашылатын керемет көрініс. Терезеден шексіз көкжиекке, су айдыны мен ежелгі Стамбұл ғимараттары астасқан тұсына көз тастап, сапарыңыздың сәтті өтіп жатқанын бірден сезінесіз.

қонақүй
Фото: Rixos Tersane Istanbul

Rixos Hotels желісінің негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Феттах Таминдженің айтуынша, бұл қонақүй – Tersane Istanbul деп аталатын көлемді түрік жобасының бастауы.

"Біз Стамбұлдың мәдени және өнеркәсіптік мұрасының ең құнды элементтерін қамтитын, бірақ бұрын назардан тыс қалған аудан – 600 жылдық тарихы бар Tersane Istanbul-ды қайта жаңғыртып жатырмыз. Бүгінде біз осы тарихи аумаққа қайта жан бітіріп, оны мегаполис тұрғындары үшін заманауи кеңістікке айналдыру үстіндеміз.

Қаланың мәдени тарихының бір бөлігіне айналған осы бірегей ауданда Rixos Tersane Стамбұлдың ашылуы қала қонақжайлығының алға басуындағы жаңа кезеңді көрсетеді. Қонақ үй экономиканың дамуына және жұмыс орындарын ашуға үлкен үлес қосады.

Сонымен қатар Rixos Tersane Istanbul осы бай мәдени мұраны болашақ ұрпаққа қалдыруда маңызды буынға айналады. Сәулет концепциясынан бастап, интерьер дизайнына дейін барлық бөлшек өте мұқият ойластырылған. Бұл жоба мен үшін коммерциялық мақсаттан әлдеқайда жоғары мәнге ие. Ол қаламызға, бүкіл елге нақты пайда әкелетініне шын жүректен сенемін", - дейді Таминдже.

қонақүй
Фото: Rixos Tersane Istanbul

Феттах Таминдженің айтқаны бұл жерге алғаш рет аяқ басқан туристердің сезімін дөп басады. Әсіресе 600 жылдық тарихы бар аудан жан-жақты ойластырылып жаңғыртылғаны қатты әсер қалдырады. Бұрынғы кеме жасайтын верфтердің орнында мұнда заманауи кеңістік бой көтерді, жобада ежелден қалған мұра мен инновация керемет үйлесім тапқан. Қонақүй аумағында серуендей жүріп, ұрпақтар сабақтастығын айқын сезінесіз: ежелгі қабырғалардың дәл іргесінде жергілікті шеберлер Rixos Tersane Istanbul үшін арнайы жасаған заманауи дизайнерлік туынды орналасқан. Rixos желісінің басқа қонақүйлерінен бұл нысан шынында да ерекшеленеді: мұнда тарих пен инновация жай ғана тоғысып тұрған жоқ, олар қонақүйдегі 402 заманауи стильдегі нөмірдің интерьерінде көрініс тауып, қонақтарға айрықша атмосфера сыйлайды.

қонақүй
Фото: Rixos Tersane Istanbul

Қазақстандық туристер үшін ең қызығы – қонақүйге су жолымен жетуге болатыны. Такси не автобуспен емес, арнайы қайықпен отельге келетініңізді елестетіңізші!? Демалыстың дәл осылай басталуы – жайлылық қана емес, саяхатыңызға өзгеше эксклюзивті реңк беретіні анық.

Қонақүй орналасқан жерімен де демалыстан мәдени, рухани әсер алғанды ұнататындар үшін таптырмас таңдау. Rixos Tersane қонақ үйінен Стамбұлдың әйгілі Фенер және Балат аудандарының түрлі-түске боялған үйлеріне, шіркеулері мен колоритті дәмханаларына жаяу баруға болады. Стамбұлдықтар қала тарихының бірегей жәдігерлері сақталған жақын маңдағы мұражайларға да бас сұғуға, міндетті түрде Топқапы сарайын және Үлкен базарды аралауға кеңес береді. Дәл осы жерде қазақстандықтарға көбіне түрік кәдесыйларын, дәмдеуіштер, тәттілер мен әйгілі тоқыма бұйымдарын сатып алуына болады.

қонақүй
Фото: Rixos Tersane Istanbul

Rixos Tersane Istanbul қонақүйінің басқарушы директоры Четин Пехливанның айтуынша, Tersane Istanbul ауданы өркендеп, дамыған сайын қонақүй де мүмкіндіктерін кеңейтіп, туристерге ерекше әсер сыйлауға талпынады.

"Біз қонақтарымызға Стамбұлмен жақын танысуды барынша ыңғайлы ету үшін эксклюзивті флотты пайдалану жолдарын қарастырып жатырмыз. Теңіз арқылы қаланың түрлі аудандары арасында жылдам қозғалып, әр сапарыңызды қызықты саяхатқа айналдырады. Сондай-ақ қонақүй жергілікті галереялар мен мұражайлармен ынтымақтастықты күшейтіп, эксклюзивті көрмелер, суретші-резиденттерге арналған бағдарламалар және жеке экскурсиялар ұйымдастырады, осылайша өнердің жаңа қырларын ашады. Ал қонақүйдің Exclusive Sports Club спортклубы ашық аспан астындағы падел-теннис, йога, медитация және тұтас сауықтыру ретриттері секілді жаңа шараларды дайындап жатыр. Мұның бәрі – демалуға және сергіп, қалпыңызға келуге керемет жағдай жасауға бағытталған. Әр жаңашылдық қонақтарды таңғалдыруға, шабыттандыруға, осында болған әр сәтін ұмытылмас естелікке айналдыруға ұмтылады", - дейдіЧетин Пехливан.

қонақүй
Фото: Rixos Tersane Istanbul

Қонақүйдің маңызды артықшылықтарының бірі – жыл бойы жұмыс істейтін, жылытылатын бассейн (инфинити-бассейн). Мұнда күн райына қарамастан шомылып, Алтын Мүйістің әсем көрінісіне тамсана аласыз. Сондықтан Rixos Tersane Istanbul қазақстандық туристер үшін кез келген маусымда тоқтауға ыңғайлы қаладағы бірден-бір қонақүй.

Осы ретте қонақүй өкілдерінің жергілікті қолөнершілерді қалай қолдайтынын айрықша атап өткен жөн. Интерьерден түрік шеберлері арнайы жасаған өнер туындыларымен және қолөнер бұйымдарымен таныса аласыз. Әр элемент өңірдің мәдениеті мен тарихынан сыр шертіп, қонақтардың сапарын шынайы мәдени саяхатқа айналдырады.

қонақүй
Фото: Rixos Tersane Istanbul

Алайда Rixos Tersane Istanbul-дағы демалыс тек экскурсия немесе мәдени шаралармен шектелмейді. Күнді мәнді өткізіп, кешке SPA-орталықта денені босаңсытатын массаж жасатуға, саунада қыздырынып, йогамен айналысуға немесе білікті жаттықтырушымен фитнеспен айналысуға болады.

қонақүй
Фото: Rixos Tersane Istanbul

Гастрономиясы да назар аударуға тұрарлық. Қонақүй туристерді бірнеше елдің асханасымен таныстырады: Velena Food Market мейрамханасы Анатолия, Азия және Италия тағамдарын ұсынады, ал Josephine Istanbul – кешкі Стамбұл көрінісінің аясында романтикалық кешкі асқа таптырмас орын. Премиум-класс атмосферасын жақсы көретіндер Gowden Club-қа арнайы баруы керек, әсіресе жұма күндері өтетін Sip, Smoke & Jazz кештеріне қатысуды ұмытпаңыз – онда жанды музыка, сигара және авторлық коктейльдер ұсынылады.

қонақүй
Фото: Rixos Tersane Istanbul

Бұған қоса, қонақүй мәдени және іскерлік орталық рөлін де атқарады. Оның Tersane Ballroom және Tersane Istanbul Event Hall залдарында ауқымды халықаралық іс-шаралар, концерттер мен көрмелер өтеді.

Қорыта келе, Rixos Tersane Istanbul-дың ашылуымен қазақстандықтар бұрыннан таныс әрі сүйікті қаласынан тағы бір ерекше орын тапты. Бұл қонақүй туристерді сән-салтанатқа бөлеп қана қоймай, саяхатшыларға Стамбұлдың жаңа тарихының бір бөлшегіне айналуға мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2229894-rixos-tersane-istanbul-turkiiada-qazaqstandyq-turisterdi-tanggaldyratyn-zhanga-qonaqui-tanystyryldy/