Зектілері

"Бір парақ сертификат берсе": 3 мыңнан аса асық жинаған тұрғын Гиннесс рекордтар кітабына енуге ниетті

Жарияланған күні:

Ерболат Қуанышов жинаған асықтар
Ерболат Қуанышов жинаған асықтар. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбелік Ерболат Қуанышов 13 жыл бойы асықтан коллекция жинаған. Оның шеберханасында 3,4 мыңға жуық асық бар. Ақтөбелік тұрғын осы коллекцияның арқасында Гиннесс рекордтар кітабына енуге ниетті, деп хабарлайды Ақтөбе әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ерболат Қуанышов әуелде бір-екі асықтан бастап жинаған. Саны көбейген соң, қызығушылық пайда болған.

"2017 жылы ЕХРО көрмесіне қатысуға ұсыныс түсті. Ол кезде асық саны аз болды, бұзаулы сиыр мүсінін жасау туралы ойым іске аспады. 10 сәуірде санадым, 3378 асық бар. Адамдар келіп, қызықтап, тамашалайды", - дейді ол.

Ерболат Қуанышов
Ерболат Қуанышов. Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Ерболат өзі тұратын үйдің сарайын шеберханаға айналдырып, шағын көрме жасап қойған. Мұнда қойдың асығынан бастап топай асыққа дейін бар.

Ерболат Қуанышовтың коллекциясы
Ерболат Қуанышовтың коллекциясы. Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Сондай-ақ түрлі жіліктен жасалған шежіре жинағын, қабырға мен омыртқа, жауырын мен мүйізден жасаған аспалы шамды да көруге болады.

Ерболат Қуанышовтың коллекциясы
Ерболат Қуанышовтың коллекциясы. Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Коллекционердің арманы – Гиннесс рекордын ену. Қазір құжат жинауға кіріскен.

"Енді Гиннесс рекордтар кітабына енгім келеді. Бір парақ сертификат берсе, үлкен жетістік болар еді", - дейді Ерболат Қуанышов. 

асық
Ерболат Қуанышовтың коллекциясы. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ерболат Қуанышов қазіргі уақытта ауқымды жобаны қолға алған. Ол биіктігі 1,5 метр, ұзындығы 2 метр болатын ең үлкен асық мүсінін жасауды бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2235842-3-myngnan-asa-asyq-zhinagan-aqtobelik-turgyn-ginness-rekordtar-kitabyna-enuge-nietti-foto/