Танымал түрік актері Бурак Өзчивит қазақстандық балақайдың тұсауын кесті (фото, видео)
Жарияланған күні:

"Ұлы дала: Османдар", "Ғаламат ғасыр", "Бозторғай" секілді жобаларда басты рөлдерде ойнаған танымал түрік актері Бурак Өзчивит қазақстандық бүлдіршіннің тұсауын кесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қуандық Шынтеміров есімді отандық заңгер Instagram желісіндегі жеке парақшасында әйгілі түрік актері қазақтың тұсау кесу дәстүріне ат салысқанын жазып, жазба жариялады.
"Қазақтың керемет дәстүрі — "Тұсау кесу" дәстүрі! Бурак Өзчивит, рахмет! Tusau kesu dasturi @burakozcivit Teşekkürler!", - деп жазған Шынтеміров қазақстандық балақайды көтеріп алған актердің суреттері мен видеосын жария етті.
Бұл жазбаны көрген желі қолданушылары бүлдіршінге ақ тілектерін жаудырды.
"Қадамы оң болсын, әрқашан жолы ашық болсын. Құтты болсын", "Бастысы батырымыз аман болып, Бурак сияқты әлемге танымал болсын", "Балапан үлкен жігіт болып, қазақтың атын әлемге танытсын", - деп жазды желі қолданушылары.
Еске салсақ, бұған дейін біз Бурак Өзчивит RAMS GLOBAL компаниясының ресми бренд-амбассадоры атан еді. Ол өз желі парақшасында қазақ тілінде видеоүндеу жасап, Қазақстанға келетінін айтқан.
Сондай-ақ танымал блогер Рысбала Икрамбай Наурыз мейрамына орай Алматыға келген әйгілі түрік актері Бурак Өзчивитке қазақтың ата салтына сай сый-құрмет көрсеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2242626-tanymal-turik-akteri-burak-ozchivit-qazaqstandyq-balaqaidyng-tusauyn-kesti-foto-video/