jitsu gif

Күннен қорғайтын көзілдірікті қалай дұрыс таңдау керек

Көзілдірік
Көзілдірік. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаз – көп күткен жаймашуақ мезгіл. Бұл уақытта күннен қорғайтын көзілдірік күнделікті қажеттілікке айналады. Алайда көзілдірікті дұрыс таңдау тек сән үшін емес, ең алдымен, көздің саулығын сақтау үшін аса маңызды. Сапалы көзілдірік ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерден қорғайды. Ал арзан әрі сапасыз көзілдіріктер тек жарықты тұмандатып, көру қабілетіне кері әсер етеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Күн сәулесінің көзге әсері қандай?

Артық ультракүлгін сәуле көздің беткі және ішкі тіндеріне зақым келтіруі мүмкін. Бұл жағдай, әсіресе катаракта сияқты қауіпті көз ауруларына әкеліп соғуы ықтимал. Ал инфрақызыл сәулелер одан да терең еніп, торлы қабықты күйдіріп жіберуі мүмкін. Мұндай әсерлердің салдары – болашақта көру қабілетінің толық жоғалуына дейін апарады.

Линзаның түсіне мән беріңіз

Көзілдірік таңдауда линзаның түсі де маңызды рөл атқарады. Көзіңізге ең қолайлысы – қою сұр немесе қою жасыл түсті линзалар. Дымқыл тұманды түсті линзалар көзге түскен түстерді бұрмаламай, кеңістікте дұрыс бағдар алуға көмектеседі. Ал жасыл түсті линзалар ультракүлгін мен инфрақызыл сәулелерді көбірек сүзеді. Ыстық климатты елдерге бара қалсаңыз, High UV-protection деп жазылған қою түсті көзілдірікті таңдаған жөн.

Көзілдіріктегі белгілер нені білдіреді?

  • UVB – ультракүлгін B тобы сәулелерінен қорғайды, яғни тері мен көздің күюінен сақтайды;
  • UVA – ультракүлгін A тобы сәулелерінен қорғайды, бұл сәулелер тереңірек еніп, «фотоқартаю» әсерін тудырады;
  • UVA/UVB – екі топ сәуледен де қорғайды, яғни көзді күйіктен де, қартаюдан да сақтайды;
  • Sun Block – күн сәулесін толықтай бөгейді. Мұндай көзілдіріктер күнге шығуға болмайтын адамдарға арналған;
  • Waterproof – бұл белгі көзілдіріктің қорғаныш қабілеті 80 минут суға түскеннен кейін де сақталатынын білдіреді;
  • Water Resistance-SPF – суға 40 минут түскеннен кейінгі қорғаныш деңгейі.
  • SPF (Sun Protection Factor) – күннен қорғайтын құралдың тиімділігін білдіреді. Бұл сіздің күн астында қанша уақыт қауіпсіз жүре алатыныңызды көрсетеді.

Көзілдірікті қайдан сатып алу керек?

Көзілдірікті тек арнайы дүкендерден, офтальмолог маманның кеңесімен сатып алыңыз. Сапасыз линзалар көруді нашарлатып қана қоймай, бас ауруы мен көз ішіндегі қысымды арттырады. Ал дұрыс таңдалмаған көзілдірік жиегі бағдар алуыңызды қиындатып жібереді.

Поликарбонаттан жасалған линзалар әйнекке қарағанда қауіпсіз әрі сапалы. Олар күннен жақсы қорғайды және соғылған жағдайда сынбай, сыртқа қарай ұшады, бұл жарақат алу қаупін азайтады.

Көзілдірік таңдағанда ультракүлгін сәулелерден қорғаныс деңгейі мен жарық сүзгіш қасиетін ескеріңіз. Сапалы көзілдіріктің шеңберінің ішкі немесе жанындағы құлаққа ілінетін тұсында өшпейтін үлгі коды мен марка атауы болуы шарт. Сонымен қатар көзілдірікке міндетті түрде модель коды көрсетілген және сол код дужкада қайталанатын төлқұжат (паспорт) қоса беріледі.

Халықаралық стандарттар бойынша:

  • еуропалық – EN1836,
  • қытайлық – GB10810,
  • америкалық – ANSIZ 80.3.

Көз жанары әлсіз жандарға – фотохромды линзалар

Алыстан немесе жақыннан көру қабілеті бұзылған адамдар үшін фотохромды линзалары бар көзілдіріктер өте ыңғайлы. Бұл линзалар ультракүлгін сәуленің немесе жарықтың әсерінен өздігінен қараяды. Сол себепті оларды халық арасында «хамелеон» деп те атайды.

Қорытындылай келе, көздің саулығын сақтау – әр адамның өз қолында. Күннен қорғайтын көзілдірікті дұрыс таңдасаңыз, жаздың шуақты күндерінде көзіңіз демалады, өзіңіз сенімді әрі жайлы сезінесіз.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.