jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Еліміздегі ең үздік қымыз қай өңірде екені анықталды

қымыз
Қымыз. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада "BaiQymyz – бапталған қымыз" гастрофестивалі мәресіне жетіп, "Ең үздік қымыз" байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, қазақтың ұлттық сусыны – қымызға арналған ел тарихындағы алғашқы әрі ауқымды мәдени шараға екі күнде 70 мыңнан астам қонақ келген.

Фестивальдің ең маңызды сәттерінің бірі еліміздің түкпір-түкпірінен келген қымыз өндірушілер арасында өткен "Ең үздік қымыз" байқауы болған.

Жеңімпаздар фестиваль қонақтарының дауыс беруі арқылы анықталып, қомақты қаржылай сыйақыға ие болған.

"Ең үздік қымыз" байқауының жеңімпаздары:

  • І орынды Абай облысы Саржал ауылындағы шаруа қожалығы иеленген. Жеңімпазға 20 млн теңге сыйақы берілген;
  • ІІ орынды Қарағанды облысындағы шаруа қожалығы иеленген (Қарқаралы қымызы). Жеңімпазға берілген сыйақы – 15 млн теңге;
  • ІІІ орын – Ақмола облысындағы шаруа қожалығына бұйырған (Қымызнай қымызы). Сыйақы – 10 млн теңге.
Байқау жеңімпаздары
Байқау жеңімпаздары. Фото: Астана қаласының әкімдігі

Сондай-ақ фестиваль аясында алғаш рет "Ер Қанаты" атты жылқы көрмесі өткен. Бұл көрмені 3 000-нан астам адам тамашалаған.

Айта кетейік, бұған дейін танымал этнограф, BaiQymyz фестивалінің ұйымдастырушысы Әйгерім Мұсағажинова мұндай шара арқылы қымызды жаңа деңгейге көтергілергі келетінін айтқан еді.

Жобаның басты мақсаты – отандық қымыз өндірушілеріне қолдау көрсету, қазақтың дәстүрлі сусынын қазіргі адамдардың дастарханына қайта оралту және оның пайдалы қасиеттері туралы кең аудиторияға жеткізу.

Еліміздегі ең үздік қымыз қай өңірде екені анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.