jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

АҚШ-та жасанды интеллект оқушының қолындағы чипсиді қарумен шатастырып алды

Чипсы ұстап тұрған оқушы
Чипсы ұстап тұрған оқушы. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Нейрожелімен жасалған сурет

АҚШ-тың Балтимор округінде жасанды интеллект жүйесі мектеп оқушысының қолындағы чипсы салынған пакетті қару деп қателесіп, полицияға хабар берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Таки Аллен есімді оқушы достарымен бірге тіскебасардан ауыз тиіп отырған сәтте, полиция қызметкерлері мылтық кезеніп, оны жерге жатқызған. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің қолына кісен салып, тінту жүргізгенімен, ешқандай қару таппаған.

Кейін полицейлер оқушыға жасанды интеллект түсірген күдік тудырған суретті көрсеткен. Онда Алленнің қолындағы пакеті қаруға ұқсап қалғаны байқалады.

Балтимор округінің мектептерінде былтыр орнатылған AI қару анықтау жүйесі бейнебақылау арқылы күмәнді нысандарды анықтап, полицияға хабар жібереді.

Мектеп әкімшілігі оқиғаға байланысты ата-аналар мен оқушыларға хат жолдап, бұл жағдайдың балаларға психологиялық тұрғыда кері әсер еткенін мойындады және оларға кеңесшілер тарабынан көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

АҚШ-та жасанды интеллект оқушының қолындағы чипсиді қарумен шатастырып алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.