Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлерге үлкен мұрын неге керек?

Опубликовано:

Айова университетінің ғалымдары ерлерге үлкен мұрынның неге керектігін, яғни, әйелдерге қарағанда ерлер мұрынының неге үлкен болатынын анықтады.

Олардың дәлелдеуінше, ерлерде мұрынның үлкен болуы әйелдерге қарағанда оттегіні көбірек қажетсінумен байланысты. Сондай-ақ, ерлердің дене салмағы да артық және тіршілік барысында қуатын да көбірек жұмсайды.

Бұдан бөлек, ғалымдар мұрынның өсуі мен жыныстық жетілуді бір-бірімен тығыз байланысты құбылыстар ретінде атап отыр. Өйткені, 11 жастан бастап ұл балалар шапшаң өсе бастайды, тиісінше, мұрыны да осы кезеңде айтарлықтай қоңқиып шыға келеді. Ал, қыздарда мұндай үдерістер тәжірибелер барысында әліге дейін байқалмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/291081-erlerge-ylken-myryn-nege-kerek/