Кішкентай қыз баланың құлағына гүл өсіп шыққан

Опубликовано:

Қытайлық дәрігерлер 16 айлық қыз баланың құлағынан бақбақ гүлін алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Пекин клиникаларының бірінде орын алды. Құлағы ауырып жылай берген қызын ата-анасы ауруханаға жеткізеді. Олардың сөзіне қарағанда, қыздың төрт ай бойы құлағы ауырып жүрген, анасы қызының құлағынан түсініксіз бірдеңе көреді.

Дәрігерлер қызды тексере келе, оның құлағынан 2 сантиметрдей бақбақ гүлін тауып алады.

Дәрігерлердің айтуынша, жылы және ылғалды орта гүлдің өсіп шығуына әсер еткен көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/292887-kishkentaj-kyz-balanyn-kylagyna-gyl-osip-shykkan/