Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік шебер ағаш пен темірден зеңбірек жасап шығарды

Опубликовано:

Ақтөбелік шебер ағаш пен темірден зеңбірек жасап шығарды. Салмағы 300 келіден асатын мұндай қару кезінде Ұлыбритания мен Ресей әскерінде болған.

Тарих беттеріне үңіліп, дәл сызбасы арқылы сұсты қаруды жаңғыртуға 1 жылдан астам уақыт кетіпті. Ағаш шебері зеңбіректі орта ғасырлық әдіспен жасауға тырыстым дейді.

Темірден жасалатын бөлшектері ұстаның еңбегі болса, дөңгелектерін арнайы ағаштан кесіп даярлаған. Соғыста пайдаланылған қарудан айырмашылығы шебердің қолынан шыққан зеңбіректің оқ атуы мүмкін емес.

Бұл зеңбіректің орны мұражай немесе ескі қару жинаушының төрінде дейді Рүстем Бейсенғалиев.

"Дөңгелекті жасағанда, қайың ағашын пайдаландым. Ал ортасындағы бекіткіштері мықты болу үшін емен ағашын қолдандым. Себебі дөңгелек айналғанда, оған салмақ түседі. Ағаштарды бір-бірімен темір арқылы байланыстырдым. Ұста балқытылған темірді осы жерде құйды", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/297414-aktobelik-sheber-agash-pen-temirden-zenbirek-zhasap-shygardy/

pixel