Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазалы кірпіш зауытының ащы кәмпиті шыға бастады

Опубликовано:

Қоғам арасында "Қазалы кірпіш зауытының ащы кәмпиті" деп танылған өнім қайта шығарыла бастады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Өткен ғасырдың екінші жартысында Қазалы ауданындағы кірпіш зауыты жанынан кәмпит өндіріліп, күллі Қазақстанға тарағанын көпшілік әлі ұмыта қойған жоқ.

Бүгінде кәмпит жасаудың қыр-сырын меңгерген қазалылықтар арнайы зауыт ашпаса да, кішігірім цехтар арқылы дастарқанның тәтті өнімін шығаруда.

Осындай цехтың жұмысын жүргізіп отырған кәсіпкердің бірі - Света Төлемісова. Жиырма жылдан бері кәмпит жасауды кәсіп еткен ол отбасын да осыған баулыған.

Қазір шағын цех арқылы күніне 100 келіге жуық "Қазалының ащы кәмпитін" өндіреді. Бұдан өзге аудан орталығында кәмпит шығаратын бірнеше шағын цех жұмыс жасайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/302359-kazaly-kirpish-zauytynyn-ashhy-kempiti-shyga-bastady/

pixel