Тоты құс иесін өлтірген адамды ұстап берді
Опубликовано:
Үндістанның Агра қаласының полицейлері тоты құстың көмегімен әйел адамды өлтірген қылмыскерлерді анықтады.
Жергілікті газет редакторының әйелі Неела Шарманы 20 ақпан күні белгісіз біреулер өз үйінде өлтіріп кеткен. Қаскөйлер әйелмен бірге оның итін де бауыздап, торда отырған тоты құсқа ғана тиіспей кетіп қалған.
Иесі өлген соң, құсты оның туыстары алып күткен. Олардың арасында марқұмның немере інісі Ашутош Шарма Госвами де болған. Ол қасынан өткен сайын тоты қатты мазасызданып бақыра берген.
Сол кезде туыстары күдіктеніп, тотының қасына келіп, марқұмның таныстарының аттарын атай бастаған. Кезек Ашутоштың есіміне келгенде, әлгі құс тағы да бақырған.
Тотының қылығы туралы марқұмның туыстары полицияға хабар беріпті. Тергеу кезінде Ашутоштың тәтесінің өліміне қатысы бары дәлелданген, деп жазады Lenta.ru.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/304328-toty-kys-iesin-oltirgen-adamdy-ystap-berdi/