Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гинеколог тексерілуге келген қыз-келіншектерді суретке түсіріп отырған

Опубликовано:

Аризона штатының тұрғыны, 68 жастағы гинеколог Пол Бектон тексерілуге келген қыз-келіншектерді ұялы телефонына суретке түсіріп отырған.

Дәрігерге келген әйелдердің бірі оның қыз-келіншектердің әуретті жерлерін суретке түсіргендігін айтып, полиция қызметкерлеріне шағымданған.

Пол Бектон - үш баланың әкесі. Оның жалаңаш әйелдерді ескертусіз суретке түсіріп алу әрекетін психиатрлар вуайеризм деп атайды.

Полиция қызметкерлері ұялы телефонды тексеріп, жалаңаш әйелдердің суреттерінің бар екенін анықтады.

Гинеколог суреттерді өшіріп үлгерген, алайда компьютерлік сарапшылар оларды қатты дисктің көмегімен қайта қалпына келтірді деп жазады Lite.BNews.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/310480-ginekolog-tekseriluge-kelgen-kyz-kelinshekterdi-suretke-tysirip-otyrgan/