Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш адам әлемдегі ең зәулім ғимарат Бурдж-Халифа төбесінен секірді (видео)

Опубликовано:

Үш ержүрек адам әлемдегі ең биік ғимарат болып есептелетін Бурдж-Халифа зәулім ғимаратының төбесінен секірді. Оның биіктігі 892 метрді құрайды. Олар рекорд орнатпақ болған екен.

Бұл ойларын жүзеге асыра алды, деп хабарлады шетелдік БАҚ. Батыл спортшылармен түсірілген видео "Супермен" мен "Өрмекші-адам" кейіпкерлерін еске салады.

Қорғайтын костюмдер киген олар секіріп, кейін парашютты ашып жібереді. Спортшылар ең биік ғимараттың төбесінде тұрғанда еш қорықпағанын айтады.

Бұл шара "Skydive Dubai" атты Дубай парашютшылар қауымдастығымен ұйымдастырылды. Бурдж-Халифа биіктігі Нью-Йорктегі Эмпайр Стейт Билдинг ғимаратынан шамамен 2 есеге биік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/311393-ysh-adam-elemdegi-en-zeulim-gimarat-burdzh-halifa-tobesinen-sekirdi-video/