Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең қымбат жақұт жүзік бәссаудада 5 млн долларға сатылды

Опубликовано:

Аса сирек кездесетін кашмир жақұтты жүзік сейсенбі күні Нью-Йорктегі Sotheby's бәссауда үйінде 5 млн долларға сатылды.

Sotheby's өкілдерінің хабарлауынша, бұл тас қаратқа айналдырып есептегенде осы кезге дейін болған бәссаудалардың ішінде сатылған ең қымбат жақұт болып отыр.

32 гауһар таспен безендірілген сақина Нью-Йорктің Oscar Heyman & Brothers зергерлік фирмасында жасалған. Жақұттың салмағы - 28,18 қарат.

Ал оның бір қараты шамамен 181 мың доллар тұрады. Сатып алушының есімі аталмады. Белгілісі, осы жүзіктің бұрынғы иесі оны Нью-Йоркте Sotheby's бәссаудасында осыдан отыз жыл бұрын сатып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/312029-elemdegi-en-kymbat-zhakyt-zhyzik-bessaudada-5-mln-dollarga-satyldy/

pixel