Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең көпбалалы ана 69 сәбиді дүниеге әкелген

Опубликовано:

Федор Васильев (1707-1782) Шуя қаласында өмір сүрген қарапайым орыс шаруасы болған. Оның бірінші әйелі Валентина Васильева - есімі тарихта алтын әріппен жазылған батыр ана.

Олай дейтініміз Валентина Васильева әлемдегі ең көп құрсақ көтерген ана болып қалып отыр. Ол саналы ғұмырында 69 сәбиді дүниеге әкелген, деп жазады 24.kz.

Нақтырақ айтсақ, әйел 16 рет егіз, 7 рет үшем және 4 рет төртемді босанған. Жалпы ғұмырында батыр ана 27 рет жүкті болған.

Ал, бүгіннің ең көп балалы анасы Чили Республикасының азаматшасы Леонтина Альбина. Ол өзін 64 баланың анасы ретінде таныстырады.

Сол секілді көп балалы ананың бірі ретінде румыниялық Ливия Лонс саналады. Ол егіз тумаған, керісінше 18 рет құрсақ көтеріп, сонша нәрестені өмірге әкелген. Оның кенжесі 2008 жылы Канадада дүние есігін ашыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/318764-elemdegi-en-kopbalaly-ana-69-sebidi-dyniege-ekelgen/