Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалғыз басты әйелдерге арналған ұрық банкі ашылады

Опубликовано:

Британия жалғыз басты аналарға арналған аталық ұрық банкін ашуды қолға алмақшы деп хабарлайды BNews.kz.

500 долларға кез келген ана болғысы келетін әйел аталық ұрық донорларының мәліметтер базасына кіріп, болашақ баласының әкесін таңдай алады. Базада әкенің бойынан бастап, бос уақытында немен айналысатынына дейінгі барлық мәліметтер қамтылған.

Ұсынылып отырған баға жеке клиникалардың қызмет құнынан екі есеге арзан. Таңдау жасалғаннан кейін банк аталық ұрықты болашақ ананың нұсқауынша қажетті клиникаға жолдап, онда оған жасанды ұрықтандыру жасалады.

Аталмыш мүмкіндік гетеросексуалды жұптар үшін қолжетімді болғанымен, ол ең алдымен еркектің қатысуынсыз отбасы құруға бел буған әйелдер үшін, яғни лезби жұптар үшін жасалып отырған көрінеді. Мамандардың айтуынша, ондай отбасылар жылдан-жылға артып келеді.

Алайда, бұл бастаманың сыншылары да жоқ емес. Олар мұны жүздеген, тіпті мыңдаған баланың әкесіз өсуіне алып келетін "аса қауіпті әлеуметтік эксперимент" деп отыр.

Жаңа аталық ұрықтар банкі осы жылдың қазанынан бастап жұмысқа кіріседі деп жоспарлануда. Оны британ денсаулық сақтау министрлігі қаржыландыратын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/325173-zhalgyz-basty-ejelderge-arnalgan-yryk-banki-ashylady/

pixel