Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маймылдың фотосына қатысты туындаған дау тыйылар емес

Опубликовано:

2011 жылы интернетте танымал болған макаканың фотосы айналасында дау туып, арада 3 жыл өтсе де әлі басылар емес, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бұл фотоны Wikipedia қызметкерлері онлайн-энциклопедияға орналастырғаннан кейін басталған. Фотоны түсірген ағылшын фотографы Давид Слейтердің айтуынша, оның фотоны сайттан алып тастауды өтінгеніне үш жылдың жүзі болыпты. Бірақ Wikipedia фотоны алып тастаудан бас тартқан. Олардың айтуынша, фотоның авторлық құқығы маймылдың өзіне ғана тиесілі.

Дэвид Слейтер сот арқылы 30 мың доллар өндіріп алуға бел буып отыр. Егер де фотограф өз дегеніне қол жеткізіп жатса, макака әлем бойынша рекорд орнатып, ең қымбат сатылған жануарлар фотосының тізімін бастайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/325695-majmyldyn-fotosyna-katysty-tuyndagan-dau-tyjylar-emes/

pixel