Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұзақ жыл бірге тұрған ерлі-зайыптылар туған бауырлар болып шықты

Опубликовано:

Бразилияда өмірде болатын жағдайдан көрі сериалдардың сюжетіне көбірек ұқсайтын оқиға болды, деп жазады rosbalt.ru.

Адриана есімді әйел мен оның жары Леандро (фамилияларын айтудан бас тартқан) - екеуі де анасыз жетім өскен ерлі-зайыптылар. Олар ұзақ жылдар бойы аналарын іздеп, ақыры армандары орындалған сәтте, төбелерінен жай түскендей күйге түсті.

Бұған дейін екеуі де өздерінің жетім өскендерін және екеуінің де іздеп таппай жүрген анасының есімдері Мария болып шыққанын жай ғана сәйкестік санап жүріпті. Бірақ олар өздерінің бір үйдің балалары - әпкелі-інілі екендігі жайлы үш ұйықтаса да түстеріне кірмеген.

Қалай да өз анамды іздеп табамын деп өзіне серт берген Адриана ақыр соңынды жергілікті радионың көмегіне жүгініпті. Сан-Паулуға тарайтын радиобағдарламаның арқасында әйелдің анасы табылып, эфирде қауышыпты.

Эфирді пайдаланып анасы оның қызынан бөлек тағы бір ұлын іздейтінін айтса керек. Адриана сол сәтте оның өзінің күйеуі жайлы айтып отырғанын, сипаттары мен белгілерінің дәл келетінін түсінген.

Бұл жаңалық оны сең соққан балықтай есеңгіретіп тастаған. Журналистерге берген соңғы сұхбатында әйел күйеуі мен екеуін тек өлім ғана ажырататынын айтыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/325945-yzak-zhyl-birge-tyrgan-erli-zajyptylar-tugan-bauyrlar-bolyp-shykty/

pixel