Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең қымбат сағат $21,3 млн долларға сатылды

Опубликовано:

Әлемдегі ең қымбат қалта сағаты Женевадағы Sotheby's аукционында 21,3 миллион долларға сатылды деп мәлімдеді BBC News.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Graves Supercomplication деп аталатын сағат 24 карат болатын саф алтыннан жасалған. Таза салмағы 500 грамм. Оны швейцариялық Patek Philippe компаниясы Нью-Йорк банкирі Генри Грейвстің тапсырысы бойынша жасап шығарған.

920 майда бұйымнан тұратын сағатты жасауға ұсталардың 8 жыл уақыты кетіпті. Құнды дүниенің соңғы иесі катарлық коллекционер Сауда бин Мұхаммед әл-Тани болатын. Ол осыдан үш күн бұрын қайтыс болып, сағаты екі күннен кейін сатылымға шығарылған.

Белгілі болғаны, әл-Тани көзі тірісінде Sotheby's компаниясына ірі көлемде ақша қарыз болған көрінеді. Алтын сағат болса сол берешектің орнын жауып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/340128-elemdegi-en-kymbat-sagat-213-mln-dollarga-satyldy/

pixel