Испанияда елес кезіп жүретін қонақ үй нөмірі жабылды

Опубликовано:

Испанияда Каталония провинциясындағы ежелгі сарайы негізінде қызмет етіп тұрған тарихи қонақ үй нөмірінің бірі ішінде елес кезіп жүретіндіктен жабылды. Бірақ, ол бөлмеде қалуға тілек блдіргендер болса, "есік ашық", деп жазады "Росбалт".

Сарайдың жетінші қабатындағы 712-номерді қонақ үй басшылығына жабуға тура келген. Себебі, оған тоқтаған адамдардан шағым көп түскен.

Қонақтар ұйықтай алмай шығатынын, су крандары ашылып, түсініксіз дыбыстар шығатынын, кейбір тіпті, елес кезіп жүретінін айтқан. Қонақ үй 9-ші ғасырда салынған.

Барселонадан жүз шақырым жерде. Сарайдағы қонақ үй мұнда орта ғасырлардағы атмосфера қалыптасқаннан кейін де көпшіліктің арасында кең танымал. Бұл сарайда қайғылы оқиға болған.

Мұндағы мұнаралардың бірінде мұсылман жігітке ғашық болғаны үшін жас христиан қыздың қамалғаны туралы аңыз бар. Кейбіреуі оның аруағы осы күнге дейін қонақ үйді кезіп жүреді деп санайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/340932-ispaniyada-eles-kezip-zhyretin-konak-yj-nomiri-zhabyldy/