Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Титаник" апатынан аман қалған әйелдің хаты 12 мың долларға сатылды

Опубликовано:

Бостонда өткен бәссаудада "Титаник" апатынан аман қалған әйелдің хаты 12 мың долларға сатылды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Хатты 1912 жылы мамыр айында Люсиль Дафф-Гордон жазған. "Біз тірі қалмауымыз керек еді, біз тірі қалып дұрыс жасамадық", - деп жазған Люсиль.

Ол - суға батқан кемеден аман қалып үлгергендердің бірі. Құтқаруға арналған кішкентай қайық 40 адамға арналса да, онда небәрі 12 адам ғана болған еді.

Осы іске қатысты оның күйеуіне аман қалу үшін басқаларын күтпей, экипажы сатып алды деп айып тағылған еді. Кейін ол ақталды.

Еске сала кетейік, "Титаник" алып кемесі 1912 жылы 15 сәурде үлкен айсбергке соғылып суға батқан болатын. Кеме бортында 2207 адам болған, оның тек 712-сі ғана аман қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/351272-titanik-apatynan-aman-kalgan-ejeldin-haty-12-myn-dollarga-satyldy/

pixel