Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәшкентте консервіленген палау сата бастады

Опубликовано:

Өзбекстан астанасының супермаркеттерінде консервіленген палау - "Тәшкент палауы" сата бастады, деп хабарлайды, ҚазТАГ тілшісі.

Осы өнімді шығарушылар онда консерванттар жоқтығын және оның ұзақ сақталатынын, дәмі осы тағамға қойылатын талаптарға сай келетінін жазып отыр.

"Тәшкен палауы" металл банкілерде, салмағы 670 гр. және 335 гр., бағасы сәйкесінше 22 770 сум (Өзбекстан орталық банк тағайындаған доллар бағамымен шамамен $9) және 11 700 сум (шамамен $5).

Бұл ретте қоғамдық тамақ ішетін орындарда палаудың кәдімгі 300 граммдық бір порциясы Тәшкентте шамамен 7 мың сум (шамамен $3).

"Консервіленген палаудың сатуға шығуы тұтынушыларда қызығушылық тудырып, біреулер оның дәмін көргісі келсе, екіншілері оларды шетелдердегі достарына, туыстарына жібермекші", - деп жазады жергілікті БАҚ-тар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/359211-teshkentte-konservilengen-palau-sata-bastady/