Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадрид Испанияның ең лас қаласы атанды

Опубликовано:

Испанияның ел лас қаласы Мадрид болса, мұндағы ең таза қала Овьедо екені анықталды деп хабарлайды 24.kz.

Испаниялық тұтынушылар ұйымы (OCU) жасаған тізімге енген шаһарлардың көше жинауға жұмсалатын шығындары салыстырылып, қала тұрғындарының айтқан пікірлері де ескерілді, деп жазады The Local.

Мұндағы Астурия, Галисия, Басктер елі, Ла-Риоха және Наварра провинциялары ең таза аймақтар болып танылды. Ал ең лас қалалар тізімін ел астанасы Мадрид басқарды.

Зерттеулерге сәйкес, Испанияның бас қаласы 1 адамға шаққанда жылына күл-қоқыстан тазару үшін 78 еуро жұмсайды екен.

Ал – бұл ел бойынша ең қымбат көрсеткіш. Тазалық көшбасшысы Овьедо болса, тек €52 жұмсаған. Енді қала тазалығы олардың туризм нарығындағы ахуалына әсер етуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/365367-madrid-ispaniyanyn-en-las-kalasy-atandy/