Даун сырқатымен ауыратын қызға сөз берген жігіт уәдесінде тұрды (фото)
Опубликовано:
Бала күнінде даун сырқатымен ауыратын қызға мектеп бітіру кешінде бірге боламын деп уәде берген жігіт сөзінде тұрды деп жазды bigpicture.ru сайты.
Бұрыннан жақсы араласатын Бен Мозер мен Мэри Лапковицтің бітіру кешінде жұптары жазылмады.
1. Мэри Даун сырқатымен науқас болғанына қарамастан Бен Мозер оны жанына жақын тартады.
"Мэридің құрбылары Даун синдромы үшін оны оғаш көріп, бойын аулақ ұстауға тырысқан. Алайда Бен Мэриді оғаш емес, ерекше жан санайды", - дейді Мэридің ағасы Том Лапковиц.
2. Бен мен Мэри бастауыш сыныпта бірге оқыған.
Бен өте белсенді бала болатын. Мэриге қашанда бас-көз болып, мектеп шараларынан тыс қалмауын қадағалап отыратын. Жаны жабырқау кездерінде Мэриді өзімен футбол ойнауға алып кететін.
3. Олар 4 сынып оқып жүргенде Бен Мэриге мектеп бітіру кешінде қасыңда боламын деп сөз берген.
Алайда Мэри басқа мектепке ауысып, Бенмен байланысын үзеді. Жеті жыл өткеннен кейін, екеуі кездейсоқ мектеп командалары арасындағы чемпионатта жолығып қалады.
4. Бен уәдесін есіне түсіріп, Мэриге тосын сый ұйымдастырады.
5. Мектеп бітіру кешінде Бен Мэридің қасынан табылды.
6. Мэри сол күні өзін ерекше бақытты сезінген.
7. Ал Бен кеш бойы Мэриден көз алмайды.
8. "Бен адамгершілікке деген үмітімді қайта оятты", - дейді Мэридің ағасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/766979-daun-syrqatymen-auyratyn-qyzgha-soz/