Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саяхатшы әйелді африкалық арыстан талап өлтірді

Опубликовано:

Жыртқыш аң жас ерлі-зайыптыларға Оңтүстік Африкадағы атақты Арыстандар паркінде ашықтан-ашық шабуыл жасаған.

Қайғылы оқиға барысында парктің ішімен өтіп бара жатқан көліктің ашық қалған артқы терезесіне ұрғашы арыстан секіреді. Ол сол сәтте көлікте болған ерлі-зайыптыларды талап үлгірген.

Соның салдарынан ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмды. Ал күйеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Шабуылдан соң парк күзетшілері жыртқыштың ізінен қуғанымен, оны атып тастауға ешкімнің қолы көтерілмепті, деп жазады lenta.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/774320-sayakhatshy-ayeldi-afrikalyq-arystan-ta/

pixel