Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай пионерлерінің әнұраны бір күннің ішінде ғаламтор хитына айналды (видео)

Опубликовано:

Қытайлық пионерлердің "Біз - коммунизм мұрагерлері" атты әнұранының жаңартылған нұсқасы елде интернет хитқа айналды деп хабарлайды Росбалт.

Танымал әннің жаңартылған нұсқасы 1 маусым - Балаларды қорғау күні қарсаңында ұсынылған.

"Бұл бейнеде барлығы: ұшқышсыз ұшақтар, гимнасшылар, қызыл галстуктер және Яо Мин (атақты қытайлық баскетболшы), Қытайда ерекше танымал TFBOYS жастар тобы, Қытай Халықтық-азат ету армиясының генералы Чи Хаотянь, сондай-ақ мыңдаған сап түзеп жүріп бара жатқан балалар бар", - деп жазады The Wall Street Journal.

1 маусымда кешке қарай ролик ҚХР-да танымал Weibo әлеуметтік желісінде 140 мың ретвит жинап, Желінің қытайлық сегменті үздіктерінің қатарына ілікті.

Қытайда пионерлері ұйымы 1949 жылы құрылған. Қазіргі кезде оның құрамында 150 млн жуық бала бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/775320-qytay-pionerlerininh-anurany-bir-kun/

pixel