Қарияның асқазанынан 30 жыл бұрын қалдырылған дәке табылды
Опубликовано:
Бастапқыда асқазан ісігі деген күдікпен операцияға жатқызылған ер адамның ішкі құрылысынан ескіріп әрі үстіне ет өскен бір бөлік медициналық дәке шықты, деп хабарлайды planet-today.ru-ге сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.
Сексеннің сеңгіріне жеткен жапондық қария денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсті.
Анықтай келе бұл «жәдігерді» тап осы аурухананың дәрігерлері осыдан 30 жыл бұрын қартқа ота жасау кезінде ұмытып кеткені белгілі болды.
Артынша бұл дәрігерлік олқылықты түзеткен дәрігерлер жапондықтан кешірім сұрады.
Енді емдеу мекемесі барлық дәкелерді қатаң есепке алып, операциядан шыққан науқастарды рентгенмен тексеруді қолға алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/808121-qariyanynh-asqazanynan-30-zhyl-buryn-qaldy/