Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Канада тұрғыны әуе шарларымен аспанға ұшты (видео)

Опубликовано:

Канада тұрғыны пластик үстелге гелийлі 100-ден аса шарды байлап, Калгари қаласының аспанына көтерілді деп хабарлайды epochtimes.ru.

26 жастағы Дэниэль Бориа өз компаниясын жарнамалау үшін осындай тәуекелге барыпты. Жігіт ерекше жарнамаға бірнеше ай бойы дайындалған. Ал гелиймен толтырылған шарлар үшін ол $12 000 төлепті.

"Ұшу аппараты" басқарылмайтын болғасын, канадалық жерге парашютпен секіріп, тобығын шығарып алды. Артынша полицейлер оны рұқсатсыз ұшқаны үшін тұтқындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/811978-kanada-turghyny-aue-sharlarymen-aspangh/