Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең көрікті аралдар (фото)

Опубликовано:

Эквадордың Галапагос аралдары әлемдегі ең көрікті және туристер үшін ең сұранысы жоғары арал деп танылды. Бұл жайында Travel+Leisure журналы жүргізген сауалнама барысында белгілі болды. Аталған басылым әлемдегі ең көрікті 10 аралдың тізімін жасап шығарды.

Алғашқы үштікте Галапагос аралдарынан кейін индонезиялық Бали және Мальдив аралдары бар. Олардан кейін Тасмания және Грекияның Санторини аралдары орналасқан.

Алтыншы орын Муреа аралына (Француз Полинезиясы), жетінші және сегізінші орындар Гаваи архипелагына кіретін Мауи мен Кауаи аралдарына, тоғызыншы орын Үлкен Кедергілі рифке (Австралия) және оныншы орын Мальта республикасына тиесілі.

The Daily Mail басылымының хабарлауынша, Галапагос аралдары туристерді өзінің әсем табиғатымен қызықтырады. Мұнда фауна мен флора керемет үйлесімділік тапқан. Саяхатшылардың көпшілігі аралға алып тасбақаларды көруге бола келеді.

Ал жағалаудағы толқындар дайверлердің сүйікті демалыс аймағы. Сонымен қатар ғалым Чарльз Дарвин өзінің эволюциялық теориясын жазу үшін осы Галапагос аралдарында зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Галапагос аралдары Эквадорға тиесілі. Оның халқы 24 мың адамнан асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/818189-alemdegi-enh-korikti-araldardynh-tizim/

pixel