RU

Мысырда имам Қадір түні жасаған дұғасы үшін қызметінен қуылды (видео)

Мысыр билігі ел астанасы - Каир қаласындағы Амр ибн әл-Ас мешітінің имамы әрі шейх Мұхаммед Жибрилді Қадір түнінде жасаған дұғасы үшін қызметінен қуды, деп жазады Ислам.кз.

Имам тарауық намазынан кейін: «О, Алла, қанымызды төгіп, балаларымызды жетім қалдырғандарды жазала. О, Алла, «Перғауын сиқыршылары» - тілшілерді жазала. О, Алла, жемқорларды жазала. Әділетсіздік істегендерді жазала. О, Алла, баспанамызға қол сұққандарды жазала. Тирандар мен жәбір көрсетушілерді жазала. Қалтасын ойлайтын шейхтерді жазала», - деп дұға еткен екен.

Шейх дұғасында ешкімнің атын атап, түсін түстемесе де, оның бұл дұғасы билік тізгінін ұстап отырғандарға ұнамай қалған.

Олар бұл дұғаны өз аттарына айтылып жатқандай қабылдап, имамды қызметінен қуып, оның үстінен осы дұғасы үшін қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/821903-mysyrda-imam-qadir-tuni-zhasaghan-dughas/