Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда жүрек қан тамыры үзілген дәрігер операцияны сәтті аяқтаған

Опубликовано:

Қытайлық дәрігер өзі қатты ауырып тұрса да науқасқа операция жасап, өмірін сақтап қалды.

Цзинцзян қаласының тумасы, 49 жастағы медик жүрегі ұстап қалған адамға операция жасап жатып, өз жүрегінің түйрегенін байқайды. Ол осыған қарамастан, ауруды басатын дәрілерді қабылдап алып, науқасты емдеуін жалғастыра берген.

Ақыры операция бітісімен, ақ халаттының өзі науқастар палатасынан бір-ақ шыққан. Оны тексерген әріптестері жүрегінің соған дейін жуан қан тамыры үзіліп кеткенін анықтап, дереу ота жасады.

Сөйтіп, 12 сағат бойы пышаққа түскен батыл дәрігер тірі қалды. Жалпы жүректің жуан қан тамыры үзілген кезде науқастардың 90 пайызы сол жерде көз жұмады екен, деп жазады informing.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/830560-qytayda-zhurek-qan-tamyry-uzilgen-dari/