Бурабайда қайда демалуға болады? (фото)
Жарияланған күні:
Көркімен талайды тамсандырған Бурабайда демалуды көздесеңіз, бұл жазба сізге арналған.
Бурабайда демалуға жағдай жасалған ең жақсы орындар мен ондағы қызмет бағасына pandaland.kz сайты шолу жасаған болатын.
Бурабайды жұрт «Қазақстанның інжу-маржаны» және «қазақстандық Швейцария» деп атайды.
Бурабай кентінде серуендеп жүріп, жергілікті емес туристерге ұсынылатын, Астанаға экскурсияға баруға үндеген дауыстарды естіп қалуға болады.
«Бурабай» кенті – ұлттық табиғи саябақтың бір бөлігі. Көкшетау тауларының бөктерінде, 14 ірі көлдің: Бурабайдың, Шортандының, Қотыркөлдің және т.с. қоршауында орналасқан. Өлкенің тарихы «Оқжетпес», «Бурабай», «Жеке-батыр» секілді және басқа аңыздар мен ертегі, толғауларға бай келеді.
«Бурабай» кентінің өзі салыстырмалы түрде шағын. Сіз оның барлық көрікті жерлерін бір сағаттың айналасында оп-оңай аралап шыға аласыз. Ал егер шағын, төбесі ашық таксиге отырсаңыз – бұған одан да аз уақыт кетеді (такси 500 теңге тұрады).
Демалыс негізінен алғанда қыс кезінде таулардың айналасында, жаз кезінде спорттың судағы түрлерінің айналасында шоғырланған. Кентте жалға беру жүйесі өте жақсы дамыған:
Велосипедтер: 500 тг/сағ;
Катамарандар: 1000 тг/сағ;
Судағы матрастар: 500 тг/сағ;
Тарзанка: 1500 тг/1 рет;
Аттар: 1500 тг/сағ.
Төбесі ашық автомобильдермен Бурабай аймағы бойынша экскурсияға 1000 теңгеге барып қайтуға болады.
Көрікті жерлерге өлкетану мұражайын, базарды және бірнеше клубты жатқызуға болады. Ең бастысы – бұл жайында алдын ала қамданып, орналасатын жерді дұрыс таңдап алғаныңыз. Тұрғын үйге деген сұраныс жоғары және көпшілік орындардың тұрақты клиентурасы бар.
Баға қалаға қарағанда жоғарырақ, бірақ жанға жағымды бонустар бар. Мысалға алар болсақ, бүкіл Қазақстанға аты шығып тұрған Көкшетау балмұздағын 100 грамына 100 теңгеден сатып алуға болады.
Rixos Borovoe
Қымбатырақ және салтанатты демалысты жақсы көретіндер үшін күтпеген жағымды ұсыныс – Шортанды көлінің жағасында, Бармашино ауылында Rixos Borovoe отелі бар.
Отель «Бурабай» ауылынан және Щучинск қаласының теміржол вокзалынан 15 км жерде орналасқан.
Астана қаласының халықаралық әуежайына дейінгі қашықтық 287 км құрайды. Осы отельде демалудың көптеген артықшылықтарын талай уақыт тізіп, баяндап отыруға болады. Бірақ, әрине бағалары да тиісінше болып келеді.
Отельде спа-салон, төбесі жабық бассейн және тегін Wi-Fi, кондиционерлер, итальян ас үйі, казино, жылы едендер, итальян мейрамханасы және т.с. бар.
Тәулігіне тұру ақысы (шілде-тамыз): делюкс – 38 мың тг, джуниор – 64 мың тг, президенттік номер – 98 мың тг, пентхаус люкс – 656 мың тг (бағасы аптаның күніне байланысты өзгеріп отырады);
Жағажай: отельдің жанында бар;
Аумағы жайлы етілген, көкмайса және гүлдер, жататын кереуеттер бар;
3 жасқа дейінгі балалармен ыңғайлы, Wi-fi бар;
Мейрамханада ауқаттану: үш мәрте, құнына кіреді;
Сайт, Фэйсбук, тел.: +7 (71636) 201-00;
Броньдау; карта қажет, ақысыз, тегін күшін жою 24 сағат ішінде ғана;
Демалудың орташа құны: 50 мың тг/күн.
«Айнакөл» отелі
«Айнакөл» аттас көлдің жағасында орналасқан. Бұрынырақта отельдің жұлдыздары болған еді, бірақ қажет болмаған соң, оларды екі жыл шамасында растамаған, әрі келушілердің ешқайсысына да бұл енді қызықты болмай отыр.
Әдетте барлық тұрушылар тұрақты клиенттер. Отельдің артықшылықтарына өзінің пирсін, жазғы террасаны, жағажайды, караокені, сауналарды және төбесі жабық бассейндерді, теннис кортын, судағы жабдықты жатқызуға болады.
Тәулігіне тұру ақысы (шілде-тамыз): стандарт – 30-35 мың теңге, жартылай люкс – 40 мың теңге, люкс – 50 мың теңге;
Жағажай: отельдің жанында бар;
Аумағы жайлы етілген, көкмайса және гүлдер, жататын кереуеттер бар;
3 жасқа дейінгі балалармен ыңғайлы, Wi-fi бар;
Ауқаттану: толық пансион;
Сайт, тел.: +7 (71630) 7-32-42;
Демалудың орташа құны: 40-45 мың тг/күн.
«Әлем» және «Әлем +» отельдері
Екі Әлем және Әлем + отелі Бурабай кентіне кіреберісте орналасқан. Отельдер көлмен шекаралас жатыр. Отельдердің артықшылықтарына беседкаларды, коттедждерді, көлік тұрағын, төбесі жабық бассейнді, саунаны, спа-салонды, мейрамхананы жатқызуға болады.
Тәулігіне тұру ақысы (шілде-тамыз): стандарт – 20 мың теңге, жартылай люкс – 23 мың теңге, люкс - 26 мың теңге;
Жағажайға дейін: 5-7 минут. Аумағы жайлы етілген, көкмайса және гүлдер отырғызылған;
3 жасқа дейінгі балалармен ыңғайлы, Wi-fi бар;
Отельде ауқаттану: таңертеңгі ас беріледі;
Сайт, тел.: +7 (71630) 7327073269;
Демалудың орташа құны: 25 мың тг/күн.
«Бүлдіргенді алаңқай» (Земляничная поляна) коттедж қалашығы
Коттедж қалашығы Шортанды көліне және "Rixos" отеліне жақын жерде орналасқан.
Бурабай көліне және тарихи ескерткіш Абылайханның қосына, хайуанаттар бағына, өлкетану мұражайына дейінгі қашықтық 25 минут құрайды.
Тұрып жатқан демалушыларға жыл бойы жайлы ұсыныстар бар.
Тұру ақысы (шілде-тамыз): 10 орындық коттедж – екі тәулікке 96 мың теңге;
Жағажайға дейін: 6-7 минут. Аумағы жайлы етілген, көкмайса және гүлдер өсіп тұр;
3 жасқа дейінгі балалармен ыңғайлы, Wi-fi - бар.
Ауқаттану жеке ақы төлеп, 3 мәрте – 3, 5 мың теңге;
Фейсбук, тел.: +7 702 728 3848;
Демалудың орташа құны: 15 мың тг/күн.
Озерная көшесіндегі жазғы үйлер
Төменде көрсетіліп отырған жазғы үйлер салыстырмалы түрде жуырда ашылған.
Аумақта жайдақ кереуеттер, мангалдар, көлік тұрағы бар. Үйлердің жанында велосипед жалға беріледі.
Тәулігіне тұру ақысы (шілде-тамыз): стандарт – 4 мың/адам;
Жағажайға дейін: 5-10 мин. Аумағында көкмайса және гүлдер өсіп тұр;
3 жасқа дейінгі балалармен ыңғайсыз, Wi-fi бар;
Ауқаттану: өз бетімен әзірлеуге арналған жеке ас үй бар;
Байланыс тел.: +87015228163 – Салтанат;
Демалудың орташа құны: 6 мың тг/күн.
Айдындағы жазғы үйлер
Студенттер үшін және мүлдем бюджеттік сапарлар үшін әрқашан ортаңқол үйлер табылып қалады. Былайша айтсақ, егер сіз супержайлылыққа есеп құрған болсаңыз, бұл сіз үшін баратын жер емес.
Бірақ, егер сіз ілтипатты қожайындарды, тазалықты, тыныштықты және достық жағдайды іздеген болсаңыз, онда бұл үйлер анық сізге арналған.
Тәулігіне тұру ақысы (шілде-тамыз): стандарт – 2 мың/адам;
Жағажайға дейін: 10-15 мин;
Аумағы жайлы етілген, көкмайса және гүлдер өсіп тұр;
3 жасқа дейінгі балалармен жайлылық дәрежесі төмен, Wi-fi бар;
Ауқаттану: өз бетімен әзірлеуге арналған жеке ас үй бар;
Байланыс тел.: +87019412077;
Демалудың орташа құны – 4 мың тг/күн.
Курортты аймаққа сіз автомагистральмен және теміржолмен жете аласыз.
"Бурабай курорты" станциясына дейін Астанадан, Алматыдан және кері қарай күн сайын талай поезд жүйткіп жатады. Әрқашан дерлік бос орындар бар.
Алматыға дейін билет құны шамамен 7 мың теңге тұрады. Астанадан «Оқжетпес» электричкасымен жетуге болады, билеттің құны 1 мың теңге шамасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/859777-burabayda-qayda-demalugha-bolady-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.