Өзбекстан отандық Chevrolet Aveo автомобилін шығармақ

Опубликовано:

Өзбекстан 2016 жылы отандық Chevrolet Aveo автомобилін құрастырып шығармақ деп жазды Podrobno.uz-ге сілтеме жасап ras.kz.

Әлеуметтік желіні пайдаланушы «Ташкент жүргізушілері» тобы өз парақшаларында сол көліктердің алғашқы суреттерін жариялады. Топ мүшелері аталған автокөліктің 2016 жылы Өзбекстанда саудаға шығарылатынын жазады.

Автомобильдің сериялық өндірісі келесі жылы басталады.

Сондай-ақ, мамандар 2016 жылы зауыттан 10 мың Chevrolet Aveo шығарылса, 2017 жылы бұл мөлшер – 25 мыңға, 2018 жылы – 40 мыңға, ал 2019 жылы 45 мыңға жететінін болжады.

Жобаның жалпы құны 264 млрд сумды құрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/868189-ozbekstan-chevrolet-aveo-avtomobilin-shygharmaq/