Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гиннес кітабы 60 жыл ішінде тіркелген рекордтарды жария етті

Опубликовано:

Биыл 60 жылдығын тойлайтын Гиннес рекордтар кітабының редакциясы осы уақытқа дейін тіркелген адамзаттың жеткен жетістіктері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Lenta.ru-ге сілтеме жасап AlmatyNews.

Редакция ашылған жылы тіркелген басты рекорд Элвис Преслидің жетістігі. Оның өлендері 1955 жылы хит-шеруінің шыңына жеткен.

1960 жылы редакция ғарышпен байланысты бірнеше жетістікті бекітті. 1961 жылы ұшқыш Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуы, 1965 жылы Алексей Леоновтың ашық космосқа шығуы, 1969 жылы Айға алғаш аяқ басқан Нил Армстронгтың есімі кітапқа жазылды.

Редакция 1971 жылы алғаш рет e-mail хабарлама жіберілді деп бекітсе, 1973 жылы алғаш рет ұялы телефоннан қоңырау шалынғандығын анықтаған.

1980 жылдары баспа бетінде әлем бойынша ең жоғары сұранысқа ие болған музыкалық альбом – Майкл Джексонның Thriller-і, ең белсенді жанартау және ең үздік ойынға айналған «Тетрис» туралы ақпарат жарияланды.

1990 жылы Гиннес рекордтар кітабы бірінші интернет-браузер, ең үлкен картадан құрастырылған үй, алғашқы толық метражды компьютерлік мультфильм («Ойыншықтар тарихы») және ұзындығы 30,5 метр болатын лимузин рекордқа жетті деп атаған.

2000 жылы тіркелген рекордтар қатарында бақ гномдарының коллекциясы, әлемдегі ең ірі тасбақа, 2009 жылы 100 метр қашықтыққа жүгіру бойынша Усейн Болттың үздік көрсеткіш, яғни 9,58 секундта жүгіріп өткендігі бар.

Соңғы он жыл 39 шақырымдық биіктіктен Феликс Баумгартнердің парашютпен түсуі, ең жоғары сұранысқа ие бейне ойын (GTA V), 2014 жылы «Оскар» сыйлығында  тележүргізуші Эллен Дедженерестің топпен түскен селфиі жарияланған твит көп ретвит алғандығымен есте қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/870799-ginnes-kitaby-60-zhyl-ishinde-tirkelgen-re/

pixel