Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхит деңгейінің көтерілуі ғалымдарды шошытып отыр

Опубликовано:

Әлемде мұхиттардың деңгейі үлкен қарқынмен көтеріліп жатыр. Адам шошырлық жағдай NASA жер серіктері түсірген суреттерден кейін белгілі болған.

Әлемдегі су қорының жылдам артуына климаттың тез өзгеруі мен полярлы мұздардың еруі себеп. Ғалымдар мұның соңы «құрлық көлемінің қысқарып, жағалауға жақын маңда тұратын адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін» деп дабыл қағуда. NASA Жер шарын жерсеріктері арқылы көп жыл бойы суретке түсірді.

Осы кадрларды мұқият зерттеген ғалымдар әлемдік мұхит деңгейі климаттық өзгерістер салдарынан күрт көтерілгенін анықтаған. Бұл зерттеулер АҚШ пен Францияның ғарыш агенттіктері бірлесе жүргізген «Джейсон-3» жобасының аясында жасалды. Мамандардың мәліметі бойынша, теңіз деңгейі 1992 жылдан бері орташа есеппен алғанда 8 сантиметрге көтерілген. Ғалымдар зерттеу үдерісі әлі жалғасатынын айтады.

«Көптеген ғалымдар теңіз деңгейі 2100 жылға қарай бір метрге көтеріледі деп есептейді. Басқа есептер бойынша, тіпті бір жарым метрге дейін жетуі мүмкін. Міне, осы кезде нағыз апат болмақ»,-дейді NASA жобасына қатысушы Джош Уиллис.

Бұл үдеріс жалғаса бермек. Жер шарында климат жылынып, ыстық болған сайын, мұздар еріп, мұхиттар деңгейі көтеріле түседі.

Ғалымдар бұрын жүз жылда бір рет қана болып келген су тасқындары енді әр 10 жыл сайын қайталанатындығын айтып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/872107-mukhit-denhgeyininh-koterilui-ghalymdar/

pixel