Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаолинь монахы су бетімен 125 метр қашықтықты жүгіріп өтті

Опубликовано:

Оңтүстік Шаолинь храмының өкілі Ши Лилианг су бетімен 125 метр қашықтықты жүгіріп өтті. Суға батып кетпеу үшін ол көл бетіне жұқа 200 тақтай тастапты деп жазады The Telegraph.

Қарапайым адамның бұлай жүгіріп өтуі екіталай. Монах өзінің жылдамдығының және тепе-теңдікті сақтай алуының арқасында суға батпай жүгіріп өтті деп жазады басылым тілшілері.

Дегенмен, кунг-фу шеберлері үшін бұл жат дүние емес. Өздері осынау әдісті "су бетінде ұшу" деп атайды. Ши Лилианг болса, суда жүгірудің асқан шебері, оның жүгіріп өткен қашықтығы рекордтық көрсеткішке ие.

Бұған дейін қаңтар айында монах 120 метрді бағындырған екен. Ол бұл әдісті 2009 жылдан бері үйреніп келеді. Алғашында 18 метрге жүгіріп бастаған. Бір жылдың ішінде бұл көрсеткішті Лилианг 28 метрге жеткізіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/876489-shaolin-monakhy-su-betimen-125-metr-qashyq/

pixel