Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең дәмді тағам пісіретін дәмханасы бар қалалар анықталды

Опубликовано:

Дәмі тіл үйіретін тағамдар туралы жазатын Saveurs журналы жыл сайынғы Good Taste Awards айтулы жүлдесінің жеңімпаздарын атады.

Биыл әлемдегі ең дәмді және қолжетімді асты ұсынатын қала болып, Жапонияның астанасы танылды. Токиода тек ғана алуан түрлі жапон тағамдарын емес, итальян және француз асүйінен де дәм татуға болады.

Ал ет атаулыдан бас тартып, тек өсімдіктен жасалған тамақты тұтынушылар үшін Берлин таптырмайтын жер екен, деп жазады woman.mixnews.lv.

Сондай-ақ әлемде Таяу Шығыстың тағамдары сәнге айналуда. Әлемдегі ең шағын мейрамхана - Италияда орналасқан AGA. Мұндағы аспаздар көкөністерді бақшадан жұлып әкеліп, бірден ас әзірлеп береді. Сөйтіп, келуші экологиялық таза өнімнен пісірілген тағам ішеді.

Қытайдың Шаосин қаласы да бұл тізімнен тыс қалмапты. Шаосиндегі дәмханалардың келушілерге ұсынатын тағамдары бірден көңілден шығып, ұмытылмас дәмімен тәнті етеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/884659-alemdegi-enh-damdi-tagham-pisiretin-dam/

pixel