Англияда секс-робот жасауды тоқтатуды талап етуде
Опубликовано:
Ұлыбританияда жасанды интеллектісі бар секс-роботтарды жасап шығаруды тоқтатуға арналған науқан басталды.
Бұл туралы The Independent хабарлады деп жазады ras.kz.
Науқанды ұйымдастырушы Лестердегі Монфорт университетінің өкілі Кэтлин Ричардсон роботты сексуалды әріптес ретінде пайдаланудың гендерлік тепе-теңдік бұзатынын атап өтті. Ол бұған еркектің жыныстық қатынасында әйелдің жалғыз нысан болуы керек екенін қосты.
«Роботты пайдалану эмпатияны төмендетіп, адамдарды басқа жұртпен қарым-қатынас жасаса білуден айырады», – деді Ричардсон.
Бұдан басқа, зерттеушілердің мәліметінше, секс-робот әйелдер арасында жезөкшеліктің кең өріс алып кетуіне жол ашады. Себебі, бұл жағдай әйелдер мен балаларды «толыққанды» емес жағдайға жеткізіп, олардың секстегі әріптес болып кетулеріне апарады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/891611-angliyada-seks-robot-zhasaudy-toqtatud/