Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италияда әлемдегі ең үлкен торт пісірілді

Опубликовано:

Итальяндық кондитерлер мен торт дизайнерлері ұлттық қауымдастығының суретшілері миландық «Шоу хобби» аясында әлемдегі ең үлкен торт пісірді.

Алып десерт Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Оның жалпы аумағы 244 шаршы метрді, ұзындығы - 16,46, ені  13,94 метрді құрады. Оның салмағы тоннадан асады.

Итальяндық кулинарлардың өнімі 2014 жылы Лондонда орнатылған рекордты жаңартты.

Торт Италия картасымен және елдің атақты көрнекі орындарының көшірмесімен безендірілген. Оның ішінде Пизан мұнарасы мен Альпі таулары бар. Тортты дайындауға төрт күн кетті.

Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері тортты тіркеген соң  десерт 12 мың тілімге бөлінді және жәрмеңкеге келушілерге таратылды, деп жазды  MIGnews.com.ua.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/914254-italiyada-alemdegi-enh-ulken-tort-pisir/

pixel