Өз үйін жануарларына мұра еткен британдық жалғыз қызын баспанасыз қалдырды
Опубликовано:
Британиялық Линн Эверетт пен оның күйеуі Энтони өзінің үш бөлмелі үйінде 41 итті асырайды. Бұл 25 француз бульдогы, 10 бультерьер, 3 қытайлық ит тұқымы және үш чихуахуа.
Линнің сөзіне қарағанда, иттер топпен өмір сүруі керек. Оның 36 жастағы қызы Джулияға ақша ғана қалатын болады. Оның өзі жұмсалып қоймаса.
59 жастағы үй иесі мен оның 69 жастағы күйеуі иттердің азығына аптасына £250 жұмсайды. Бес тоңазытқыш қой, құс, ірі қара еті мен деликатестерге толы.
Ветеринардың қызметі үшін өткен жылы £17,000 жұмсады. Жұп күшіктерді сату арқылы иттерді асырайды. Күшіктердің бағасы £750- £7500 шамасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/918394-oz-uyin-zhanuarlaryna-mura-etken-brita/