RU

Зерттеушілер еркек пен әйелдің жүрегін не жаралайтынын анықтады

Зерттеушілер әйелдер үшін еркектің эмоционалдық сатқындығы көзге шөп салудан да қиын түсетіндігін анықтады. Ал еркектерде бәрі керісінше екен деп жазады 7sunews.kz.

Бұл жерде біз эволюциялық механизмді көреміз. Әйел адам әуел бастан баласы үшін жанын беруге даяр. Сондықтан күйеуі жанұясын тастап кетпей, өзіне қорған болып, қамқор жасағаны әр әйел үшін өте маңызды.

Жары өзге біреуге ғашық болады деген ой әйелдің жүрегін жаралайды. Ал еркектердің жанын жегідей жейтін мәселе – өз балам деп алданып, өзге баланы тәрбиелеу. Сондықтан еркек әйелінің адал болғанын барынша қалайды.

"Яғни өзге еркекке ғашық болса да, көзіне шөп салмаса болғаны", - дейді Норвеждік ғылым және технология университетінің мамандары.

Тәжірибеге мыңнан астам еріктілер қатысты. Нәтижесінде еркек пен әйел психологиясының басты айырмашылығы анықталды.

Тәжірибеге қатысқандар қызғаныш туралы төрт түрлі сауалнамаға жауап берді. Сауалнамаға қатысқандардың жартысы сатқындықтың эмоционалды немесе сексуалдық көрінісін өте маңызды санаған (дамыған оқиғаның төрт түрлі сценариі ұсынылды).

45,9% еркекті әйелінің эмоционалды сатқындығынан гөрі өзгемен жыныстық қатынасқа түскені мазалайды екен. Ал әйелдер тарапынан тек 16,6% ғана бұл пікірді қолдады. Бұл әйел мен еркек психологиясындағы үлкен айырмашылық деп айтуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/919861-zertteushiler-erkek-pen-ayeldinh-zhureg/