Иранда 60 жыл бойы жуынбаған адам өмір сүреді (фото)
Опубликовано:
Ирандық Аму Хаджидың жасы 80-де. Тұрақты мекен-жайы жоқ қарияның денесіне 60 жылдан бері су тимеген.
Терісі адамнан гөрі кесірткенің немесе пілдің терісіне ұқсайды. Ал көздерін анықтап қарамасаңыз көру қиын. Иісінің жағымсыздығы сонша, қасына адам жақындау мүмкін емес дейді жергілікті тұрғындар.
Қарт кісі Фарс провинциясындағы Дежга елдімекенінің іргесінде өмір сүреді.
Аму Хаджи тым еріншек, ешбір әрекеті жоқ адам. Ал оның басты қазынасы - темірден жасалған құбыр. Оның ішіне қария кепкен қи салып, темекі ретінде шегеді.
Амуды суретке түсіруге шетелден келген фотограф оған кәдімгі темекі беріп көрген. Қария бірден 5 данасын тұтатып шеккен кезде, шетелдік жағасын ұстаған.
Аму көп жылдан бері ауыл іргесіндегі тастанды ғимаратты баспана еткен. Қысы-жазы осында.
Күнінің көп бөлігін ол қимылсыз өткізеді, ұйықтайды немесе жай күнге қыздырынып жатады.
Ал түн суық болған сәтте оған шынымен де қиын. Аму жылыну үшін қолындағы барын жамылуға мәжбүр.
Оның нелітен бұлайша қаңғыбас болғанын ешкім білмейді. Өзі де айтқысы жоқ. Тіпті не үшін жуынбайтынын да айтпайды.
Аму өлген аң-құстың, үй жануарларының етін отқа ыстап жейді. Ал кейде жергілікті тұрғындар тамақ әкеліп береді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/923525-iranda-60-zhyl-boyy-zhuynbaghan-adam-omir-s/