Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбританияда ер кісі тотықұсқа ұқсау үшін өз құлағын кесіп тастады (фото)

Опубликовано:

Ұлыбританияның Бристоль қаласында 56 жастағы Тед Ричардс бүкіл өмірін тотықұстарға ұқсау үшін сарп етуде. Үйінде бес тотықұс ұстайтын ер кісі жүзін татумен әрлеп, құлағын кесіп тастады.

Бұл туралы mirror.co.uk-ге сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Жергілікті аяқ-киім фабрикасының бұрынғы қызметкері денесіне тату салып, пирсинг жасаудан бөлек өз мұрнын да тотықұс тұмсығына ұқсатып өзгертпек.

Ричардс құлағын кесіп тастау отасы ол үшін ең қуанышты сәттердің бірі болғанын айтуда.

"Өзімді айнадан көріп, көзім тояр емес. Ақыры өзім армандағандай келбетімді өзгерттім", - дейді ол. Ол кесіп алған құлақтарын досына сыйға тартты.

"Менің жақын досым құлағымның қожайыны атану оған үлкен құрмет екенін айтты. Ол құлағымды балауызға салып, сақтап қойды", — дейді Ричардс.

Ол өз тотықұстарын сүйетіні соншалық, өз келбетін ұқсатудан тайынбаған. Тіпті айналасындағылар да бұл өзгерісті жылы қабылдаған екен.

"Балалар мені қатты жақсы көреді. Бұл мені таң қалдырды. Олар маған жиі келіп, кесілген құлағымның фотосын көрсетуді сұрайды. Олар мүлдем қорықпайды", - дейді "тотықұс адам".

Ричардс өзінің оғаштығын қабылдап, көзқарасына ортақ болатын сүйіктісін де тапқан екен.

Айта кетерлігі 56 жастағы Ричардс жануарға ұқсағысы келген жалғыз азамат емес. АҚШ-та өзін жолбарысқа ұқсатпақ болған ер кісі 2012 жылы өзіне қол салған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/927043-ulybritaniyada-er-kisi-totyqusqa-uqsa/

pixel