Парагвайда белгісіз мақұлықтың өлексесі табылды

Опубликовано:

Парагвай тұрғыны Кармен-дель-Парана өзенінен ғылымға беймәлім мақұлықтың мәйітін тапты. Жергілікті тұрғындар оны аңыздарда кездесетін чупакабра болуы мүмкін дегенді айтып отыр.

Оқиға орнына келген құтқарушылар мен ғалымдар аталған мақұлықты бұған дейін ғылымға белгісіз болып келген маймылдың бір түрі болуы мүмкін деген өз болжамдарын алға тартты.

Huffington Post басылымының хабарлауынша, чупакабра Америка құрлығы халықтарының аңыздарында кездесетін жыртқыш мақұлық.

Оның түрін нақты ешкім көрмеген, тек болжамдар ғана айтылады. Сол болжамға сәйкес, чупакабраның денесінде қоңыр сирек жүндері бар, ол тек үй жануарларына ғана шабуыл жасайды.

Мақұлықтың ерекшелігі, ол өз жемтігінің тек қанын ғана сорып алып, етін жемей тастап кететін көрінеді.

Чупакабра туралы ең алғашқы миф 1950 жылы Пуэрто-Рико елінде айтылды. Жергілікті тұрғындардың бірі қорасындағы ешкілерінің барлығы дерлік қырылып қалғанын айтқан.

Тексере келе, жануарлардың денесінде бір тамшы да қан табылмапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/938977-paragvayda-belgisiz-maqulyqtynh-olek/