Әлемдегі ең кәрі төбет Австралиядан табылды
Опубликовано:
Австралиядағы Виктория штатының тұрғыны Брайан Макларен өзінің Мэгги атты итін әлемдегі ең қарт төбет деп хабарлады.
Алайда үй жануарының құжаттары болмағандықтан, оның нақты қанша жаста екені анықталмай отыр. Төбет иесінің айтуынша, ол уақытының көп бөлігін ұйқымен өткізеді екен. Сондай-ақ, Брайан оны сүт өнімдерін шығаратын фермасында көлігімен қыдыртады.
Ветеринар Джек Айерби есімді мал дәрігері Мэггидің шыныменде сол жасқа сәйкес келетінін растады. Сондай-ақ, оның айтуынша, ветеринария саласындағы жетістіктерге байланысты жануарлардың ұзақ өмір сүруге мүмкіндіктері бар.
Айта кетейік, бұған дейін әлемдегі ең қарт Блюди есімді төбет 1939 жылы 29 жасында өлген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/952142-alemdegi-enh-kari-tobet-avstraliyadan-t/