Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гренландиядағы ең үлкен мұздық жылдам ери бастады

Опубликовано:

Ғалымдар Гренландиядағы ең ірі мұздықтардың бірі Zachariae Isstrom еріген жағдайда әлем мұхиттарының деңгейін 50 сантиметрге көтеріп жіберетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Зерттеушілердің айтуынша, қазіргі кезде Гренландия мұз қалқанының бір бөлігі саналатын Zachariae Isstrom мұздығы ауа температурасының көтерілуіне байланысты жылдам еріп жатыр.

Жыл сайын мұздықтардың еруі салдарынан Атлантикадағы су мөлшері 5 млрд тоннаға дейін артады.

«Гренландияның басқа да бөліктерінде мұздықтардың едәуір бөлігі еріген. Егер де Гренландиядағы мұздықтар толығымен еритін болса, әлемдегі мұхиттардың деңгейі 6 метрге дейін көтеріледі», - дейді ғалымдар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/955113-grenlandiyadaghy-enh-ulken-muzdyq-zhylda/

pixel