Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айару мен Раянка 2015 жылы ең кең таралған есімдер болып аталды

Опубликовано:

2015 жылы жаңа туылған нәресте ер балалардың арасында ең танымалы Әлихан есімі, қыз балалардың арасында  - Айзере. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің сайтында көрсетілген деп хабарлайды ҚазТАГ.

Статистикалық мәліметтерге сай, биылғы 10 айда Әлихан есімі 2977 нәрестеге берілсе, Айзере есімі – 5762 нәресте қыз балаға беріліпті.

Биыл туылған ер балалар арасында жиі кездесетін есімдер арасында Нұрислам, Айсұлтан, Ерасыл, Рамазан, Санжар, Нұрасыл, Артем есімдері бар. Қыз балалар арасында жиі кездесетін есімдер: Айару, Раянка, Кәусар, Айша, Інжу, Әмина, София.

Былтыр да Әлихан мен Айзере жаңа туылған нәрсетелер арасында жиі қойылған есімдер екенін айта кеткен жөн. Мысалы, былтыр осы аралықта Әлихан есімі - 2798 нәрестеге қойылса, Айзере есімі – 6276 нәрсте қыз балаға қойылыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/997705-2015-zhyly-tuylghan-narestelerge-alikhan-zha/