Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміржолшылар туралы жаңа картина

Опубликовано:

Отандық сериалдардың саны тағы бір жаңа туындымен толықты. Режиссер Серікбол Өтепбергеновтың «Сапарластар хикаясы» деп аталатын картинасы 21 қарашадан бастап «Хабар» арнасының эфирінен көрсетіледі.

Фильмде басты рөлдерді Динара Бақтыбаева, Төлепберген Байсақалов сынды елімізге танымал актерлер сомдаса, әнші Айқын Төлепберген, Кентал, Айжан Нұрмағанбетовалар арнайы бөлімдер үшін шақырылыпты.

«Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсірілген телехикаяда теміржолда қызмет ететін жолсеріктердің қызыққа толы ғұмыры баяндалады.

Отандық кинематография саласына үлкен үлесін қосып жүрген «Хабар» Агенттігінің бұл тақырыпты таңдауы тегін емес. Себебі елімізде дәл осы сала жөнінде әлі күнге дейін бірде бір кино шықпаған.

«Аталмыш картинаның басты мақсаты теміржолда қызмет ететіндердің беделін көтеру. Осы мамандықтың маңызы, жолсеріктердің күрделі де тартымды жұмысын көрсету еді. Сериалда қарапайым адамдар біле бермейтін теміржол саласының ерекшеліктері, құпиялары ашылады» - дейді «Хабар» арнасының директоры Сандуғаш Рахимжанова.

Бала күнінен поездың басшысы болуды армандаған Асан есімді жігіт колледжді аяқтаған соң төрт рет жоғары оқу орнына түспек болады.

Дегенмен оның барлық әрекеттері сәтсіз аяқталып, жігіттің ақылы түрде білім алудан басқа амалы қалмайды. Алайда оқу үшін қаржы керек емес пе?!

Ақша табудың жалғыз жолы жұмыс істеу. Біздің кейіпкер бастық болу ниетін ысырып, қарапайым поездардың біріне жолсерік болып орналасады. Бірақ мұнда да оны ешкім құшақ жая қарсы алмайды.

«16 бөлімді сериалда жолсеріктердің күнделікті өмірі мен шытырман оқиғаға толы қызметі суреттеледі. Жас жігіт жұмысқа келеді.

Алайда оны бірден жұмысқа қабылдамай, тәжірбие жинақтауды ұсынады. Жаңа қызметінде басшысы қатал, Асанның бұл жұмысқа лайық еместігіне сенімді.

Осындай оқиғаларды бастан өткерген кейіпкер сапар барысында түрлі жағдайларға тап болады, қиындықтарға кезігеді. Олардың бәрін жеңе біледі ме? Мұны көрермен хикаяның соңында біледі, әзірге құпия болсын», - дейді картинаның режиссері Серікбол Өтепбергенов.

Романтикалық комедияда Қазақстанның жас актерлері Шәріп Серік пен Динара Бақтыбаева басты рөлдерде ойнайды. Шәріп қалың көрерменге «Инстаграм» әлеуметтік желісі арқылы жақсы таныс.

Оның жасаған «вайндары» оқырманын күлкіге бөлеген еді. Ал, Динараны көрермен тарапынан ыстық ықыласқа бөленіп, жоғары бағаланған «Зәуре» телесериалынан, сондай-ақ «Жұлдыздар тоғысқанда», «Мен және ол» фильмдерінен жақсы білеміз.

Шәріптің айтуынша оның кейіпкері Альбина (Динара Бақтыбаева) есімді аруды ұнатып қалады.

Сүйгеніне қол жеткізу үшін ғашық жігіт сан алуан әрекеттер жасайды. «Менің кейіпкерім Асан арманшыл, сенгіш, қарапайым, ақкөңіл, дегенмен өзінің ойы, алға қойған мақсаты бар.

Кейбір кездері жағымсыз да болып көрінуі мүмкін, бірақ ниеті түзу жігіт. Альбинаға бір көріп ғашық болады. Содан бүкіл хикая барысында қыздың жүрегін жаулап алу үшін бар мүмкіндігін салады.

Алайда бұл оңай емес, себебі оның жүрген жері келеңсіз жағдайларға толы. Менің ойымша көрермен қызыға көруі керек.

Себебі жұмыстан, оқудан кейін, ештеңе ойламай, рахаттанып күліп отырып қарайтын сериал шыққан сияқты»- деп ой бөлісті Шәріп Серік.

Туындыны 21 қарашадан бастап дүйсенбі жұма күндері сағат 19.40-та көріңіздер.

*PR құқында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1324006-temirzholshylar-turaly-zhanha-kartina-2/

pixel