Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Миллионер атануға кез келгеннің мүмкіндігі бар

Опубликовано:

«Хабар» телеарнасында «Миллион кімге бұйырады?» жобасы көрсетілуде.

вптвт

Бұған дейін интеллектуалдық шоу 2004 жылы эфирге шығып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген болатын.

вптвт

Алғаш Британияда 20 жыл бұрын көрсетіле бастаған жоба, күні бүгінге дейін қызығушылығын жоғалтпаған.

Бағдарламаның басты ерекшелігі кез келген азаматтың қомақты қаржы ұтып алуға мүмкіндігінің болуында.

вптвт
«Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасы білімді азаматтардың миллионер атануына ықпал етіп қана қоймайды, көрерменнің ой-өрісін дамытуға ықпал етеді. Теледидар алдында отырған көрермен сұраққа жауап беру арқылы білім деңгейін тексеріп көреді, ал мектеп оқушылары мен студенттер бұрын соңды білмеген ақпаратқа қанық болады. Мақсатымыз – ойыншылардың білім деңгейін тексеріп көру ғана емес, әр көрерменнің зияткер болуына атсалысу», - дейді жоба продюсері Әйгерім Досым.
вптвт

Ойынға қатысу үшін 18 жасқа толған кез келген азамат «К1» мәтінін 3698 номеріне жолдап, нұсқаулықты орындау қажет.

Кейін генератордың көмегімен ойыншы таңдалып, студияға шақырту алады.

вптвт
«Кез-келген жұмыстың өзіндік қызығы мен шыжығы болары белгілі. Бағдарламаны жүргізу қиын дей алмаймын. Әр нәрсенің өзіндік ауыртпалықтары бар. Әсіресе, ойыншы жеңіл сұраққа жауап бере алмай, қиналып отырғанда өзің де бірге қиналып кетеді екенсің», - дейді жоба жүргізушісі Досымбек Өтеғалиев.
вптвт
Ойын ережесі бойынша 15 сұраққа дұрыс жауап берген адам 10 миллион теңге ұтып алады. Яғни, өткен жылдармен салыстырғана жүлде қоры екі еселенді. Сонымен қатар «күймейтін» қаржы қоры да өсті, бірінші «күймейтін» қаржыда қатысушы 20 мың теңгеге ие болады. Ал екінші «күймейтін» қаржы 300 мың теңгеге жетті.
вптвт
«Бағдарламаға қатысып жатқан ойыншыларға келер болсақ, бес саусақ бірдей емес. Мықтысы да, әлсіздеуі де бар. Негізі, телекамера, микрофон, айналадағы шамдар адамның мысын басады. Қарапайым ойыншы тұрмақ, он жылдан астам уақыт сол телевидениенің ішінде жүрген менің өзім, "Камера, мотор, кеттік", - деген режиссердің бұйрығын естіген кезде іштей толқып кетемін. Телестудияға бірінші рет кіріп отырған адамның халін содан кейін түсіне беріңіз. Олар мұндай жағдайда абдырап, білгендерін ұмытып қалып жатады», -дейді Досымбек Өтеғалиев ойыншылар туралы.
вптвт

«Расында, бастапқыда ұтыс сомасы аз болды. Дей тұрғанмен бірте-бірте 300 мың, 600 мың ұтқан ойыншылар көбейіп келеді. Алдағы уақытта 10 миллионның иесі табылады деп сенеміз. Бір қызығы, халықтың бағдарламаға деген қызығушылығы жақсы, бәріміз бірден миллионер атанғымыз келеді ғой, бірақ оған жету үшін миды іске қосып, білімге сүйену керек», - дейді бағдарлама продюсері Әйгерім Досым.

вптвт

Әр сенбі сағат 20.15-те «Хабар» телеарнасынан «Миллион кімге бұйырады?» ойынын тамашалаңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1759984-millioner-atanuga-kez-kelgenni-mmkindigi-bar/

pixel