Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандылық қолаң шаш иесі шаш өсірудің құпиясымен бөлісті

Опубликовано:

Ұзын бұрым қашан да қазақ қызының мақтанышы саналып келді. Алайда бүгінде шашы ұзын қыздарды сирек кездестіресің. Қарағандылық бойжеткен Нұрбану Кәуаз осындай сирек арулардың біріне айналған. Ол шаш өсірудің құпиясын ztb.kz cайтының тілшісіне айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қарағандыда тұратын 20 жастағы Нұрбану бүгінде Қарағанды Экономикалық университетінің студенті. Ол шашын 5 сыныпта 11 жасынан бастап өсірген.

"Шашымның күтіміне үлкен мән беремін. Шампунь мен шаш бальзамын мұқият қарап, таңдаймын. Дәстүрлі емес жолмен де күтім жасаймын: айына бір рет міндетті түрде айранмен жуып тұрамын. Қыздарға кеңес беремін, айраннан кейін шашың қалыңдап, жібек сияқты болады", - дейді Нұрбану.

Бойжеткенге ұзын шашы тек қыста кедергі келтіреді екен.

"Қиындықтар тек қыста туындайды, шашыңды жайсаң да, жинасаң да ыңғайсыз. Бірақ мен шешімін таптым: өзіме жаңа шаш үлгісін ойлап шығардым. Мен шашымды өріп, орап қоямын, солай қысқарақ болады", - дейді ару.

Нұрбану шашының салмағынан басы мен мойны жиі ауыратынын жасырмады.

"Шашың су болғанда ауыр болып кетеді, тіпті басың, кейде мойның ауырады. Дегенмен артықшылықтары көбірек. Ұзын шашты армандамайтын қыз жоқ, бәрі бірдей ұзын қылып өсіре алмайды", - деп жалғастырды ол.

Бойжеткеннің ойынша, қыздарға батыс еліне еліктеп, шашты түрлі түске бояудың, ақылға қонымсыз шаш үлгілерін қоюдың еш қажеті жоқ.

"Бізге табиғаттың сыйлаған зор байлығын көп қыздар бағалай бермейді. Атам заманнан қазақ қыздары шашын ұзын етіп өсірген. Ол нәзіктіктің, сұлулықтың белгісі болатын. Сыңғырлаған бұрымдарға талай ақындар ән жазып, жырлаумен болған. Біз, сонымен қатар дала қызына тән қарапайымдылық пен тәрбиелік туралы да ұмытпауымыз керек", - дейді ару.

Нұрбану шашын қысқарту туралы тіптен ойланған емес. Ол тұқымында барлық әйелдер қолаң шашты болғанын алға тартты.

"Шаш өсіру ұсынысын әкем жасады. Әжелерімнің жолымен қолаң шашты болуымды қалады. Сол үшін әкеме алғысым шексіз", - дейді бойжеткен.

Қолаң шашты ару оқумен қатар қобыз үйреніп жүр екен.

"Мен музыканы сүйемін, музыкалық аспаптарда ойнаймын. Олар қиялға жетелеп, өмірге мән береді", - дейді Нұрбану.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1059408-qaraghandylyq-qolanh-shash-iesi-shash-osiru/

pixel